- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазіргі таңда өзі жеке кәсіпкерлік ашып отбасылық кәсіпті дөңгелетемін деген жастар көп, оған елімізде қолдаулар да көп көрсетілуде. Сондай жастардың бірі әрі бірегейі ретінде Бәйдібек ауданының тумасы Алтынай Мұсабекованы айтуға болады.
Ерік-жігері мықты қыз қанша қилы кезеңдерден, қиындықтардан өтсе де маңдай тер еңбекқорлығының арқасында өз өмірін мәнді әрі мағыналы өткізіп келеді. Белсенділігі, кішіпейілдігі, досқа деген қамқорлығы өте жоғары жас ретінде көпке үлгі болуда.
«Мен мүмкіндігім шектеулі болсам да көпшілікке көмек көрсетуге, қоғамға өз пайдамды қалайда тигізсем деп келе жатқан азаматшамын» – деген Алтынайдың сөзін естіп қайсарлығына таңқаласың.
1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында Бәйдібек аудандық “Жастар ресурстық орталығы” МКМ-нің қызметкерлері мен Ағыбет ауылдық округінің ерікті жастары еңбекке құштар Алтынайға барып пікірлесіп қайтты. Олар әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануының арқасында кәсіпкерлігін жүргізіп отырған ерікті, жас кәсіпкердің алдағы ісіне сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады. Мүмкіндігі шектеулі болса да еріктілер қатарынан табылып, елінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан Алтынайға сәттілік тілейміз.
Ләззат САРЫБАЕВА.