АРДАГЕРЛЕР АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫН САРАЛАДЫ

1  404 көрілім

Түркістан қалалық мәдениет үйінде ардагерлер кеңесінің кезекті пленум мәжілісі өтті. Жиынға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Е. Нұржанов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж. Құлбайымбетов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Букебаев, ұйымның алқа мүшелері қатысты. Кезекті кездесуді Ж. Құлбайымбетов ашып, жүргізіп отырды.

Жиынның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Мәселен, «2019 жылы ардагерлер ұйымының атқарған істері», келер жылға арналған жұмыс жоспары, «әжелер алқасының жұмыс жоспары» және өзге де мәселелер тыңдалды.

Қорытынды жиын аясында ұйымның төрағасы Ж. Құлбайымбетов 2019 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді. Ал, әжелер алқасының жұмысы туралы Айғаным Серім баяндама жасады.

Сонымен қатар, мәжілісте қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж. Құлбайымбетов 2020 жыл атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырып, ардагерлер тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды. Атап айтсақ, қоғамдық көліктерде ардагерлердің тегін жүруін қамтамасыз ету, емдеу-сауықтыру орталығына жолдама беру жайы сөз болды. Ал, әжелер киіз, текемет, сырмақ сынды ұмыт болып бара жатқан ұлттық дәстүрімізді жастардың бойына сіңіріп, үйретуді қолға алмақшы.

Сондай-ақ, ардагерлер қатары жаңа мүшелермен толығып, Серікбай Бектас, Әзімбек Пернебай, Үсен Усманов, Тәжібек Лесбек сынды азаматтарға ардагер куәлігі тапсырылды. Шара соңында, облыстық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Е.Нұржанов облыстық ардагерлер ұйымы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, жиынды қорытындылады.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы