КЕЛЕСТЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

902 көрілім

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарына қарағанда, 2020 жылдың 25-26 ақпан аралығында «Көктем – 2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Аталған шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыру нұсқауларына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көктемгі кезеңге азаматтық қорғау, басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау бойынша іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.

Осы шара аясында Қошқарата ауылдық округі, Қошқарата ауылында Келес өзенінің жағасында аудандық шұғыл әрекет ету жасағының (құрамында 28 техника, 82 адамы бар) сап түзеуі болып, қосымша кіріспеге сәйкес іс-қимылдар тексеріліп пысықталды.

Сонымен қатар, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Х.Кеңесов көктем мезгіліндегі төтенше жағдайға дайындық барысын аудан әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаевқа баяндады.

Шара барысында аудан әкімдігінің дербес бөлімдері, ауылдық округтерінің әкімдері шұғыл жұмыстарды жүргізуге кез келген уақытта дайын екендіктерін көрсетіп, тәжірибе алмасты. Тасқын кезіндегі іс-қимыл мен арнайы техникалардың әзірлігі және мамандардың біліктілігін жетілдіру көзде ұсталды.

Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімдеріне су тасқыны апатынан келетін апаттарға жол бермеу тапсырылды. Назар аударған басты түйін санатында аудан аумақтарында көктемгі су тасқынының жұмыстары бойынша және су қоймаларының жағдайларын қатаң бақылауға алу керектігі айтылды.

Осыған дейін аталмыш оқу-жаттығуға дайындық шеңбері аясында ақпанның 17-ші жұлдызы Ошақты ауылында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілген. Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл реткі іс барысы «Канал суының көтерілуіне байланысты арнасын кеңейту, нығайту, құм салынған қаптармен бекіту жұмыстарын жүргізу және ықтимал су басу аумағына кіретін үйлердің халқын қауіпсіз орындарға көшіруді жүргізу» тақырыбына арналған.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы