САРЫАҒАШТА ЖАЛПЫ ЖЫЛЫЖАЙ КӨЛЕМІ 664,6 ГЕКТАРҒА ЖЕТТІ

836 көрілім

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 2019 жылы кәсіпкерлік сала бойынша ауданда өнеркәсіп кәсіпорындарынан 27,0 млрд. теңге өнім өндірілген. Ең негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі алдыңғы жылдағыдан 172,1% құрап, 38,6 млрд. теңгеге жеткен.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 84 жобаны қолдаған. Аталмыш қолдаудың жалпы құны 330,0 млн. теңгені құраған. Сонымен қатар құны 10,0 млн. теңгені құрайтын 4 жоба гранттық негізде қаржыландырылған.

Ауданның ауылшаруашылық саласы бойынша 2019 жылға 66 млрд. 705 млн. теңгелік өнім көлемі жоспарланған. Осы жылдың қорытындысы бойынша 77 млрд. 111 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Индекс көлемі 109,1 пайызды құраған. Егістік жердің игерілуі 2019 жылы 2394 гектарға артқан немесе 65594 гектар егістік жер игерілген.

Инвестициялар тарту тәртібі бойынша ауылшаруашылықтың негізгі капиталына 2 млрд. 220 млн. теңге, тамақ өнімдері өндірісіне 107,3 млн. теңге тартылған. 2019 жылы аудан бойынша 58,4 гектар жерге жылыжай салынып, жылыжайдың жалпы көлемі 664,6 гектарға жеткен. Аталған жылыжайлардың 5 гектарын өндірістік, қалған 659,6 гектары фермерлік жылыжай кешендері болып табылады. Осы 664,6 гектардан тұратын жылыжайлардан өткен жылы алынған өнім 131911 тонна (107993 тонна қызанақ, 23918 тонна қияр) болған.

«Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына бекітілген 189,6 млн. текше метр су лимиті аясында ауылшаруашылығы тауарын өндіруші тұлғаларға қажетті ағын су жеткізіліп берілді. Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу және мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында бюджеттен 1,2 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлінген қаржы есебінен 3 каналға күрделі жөндеу, 8 канал мен 2 қашыртқыға ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылған. Бұл ретте, 12 шақырым канал бетондалып, 80 шақырым су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы