Адам өзi өмiр сүрiп отырған ортаның иесi.
* * *
Адам да, төрт аяқтылар да әдiлетсiздiкке налып, шарасыздықтан сес көрсетедi.
* * *
Кез келген қоғамда өркениеттiң өрiне жеткiзетiн күш – еңбек.
* * *
Заман өзгердi, заманмен бiрге бiзге қымбат құндылықтар өзгердi.
* * *
Астамшылық, асыра сiлтеушiлiк өзiңе үлкен күнә.
* * *
Қанағатшылдық, рахым-шылдық өмiрiңе сыйлар береке.
* * *
Адам – айна, оның iс-әрекетi, жүрiс-тұрысы, мiнез-құлқы жарқырап өзiн-өзi көрсетiп тұрады.
* * *
Жарылқау -Алладан,
Азғыру – шайтаннан.
* * *
Алла жарылқаса өсiп-өнерiң бар,
Шайтан азғырса өртенiп өшерiң бар.
* * *
Өмiр ұғымы – жыр мен сыр.
* * *
Айта алмасаң төрелiк, әр нәрсенi айтып бөспе,
Iшер асыңды бекерге шашып-төкпе.
* * *
Құдайға құлшылық етiп азанды бол,
Түтiнiң түзу шығып қазанды боласың.
* * *
Елемеген бұта көзiңдi шығарады,
Айтылған ащы сөз жаныңды жаралайды.
* * *
Сананы тұрмыс билейдi,
Баланы ақыл-парасат билейдi.
* * *
Айтарың бар болса ол ұрпағыңа ғибрат өнеге,
Кiсiлiгiң – кiшiлiгiң, iзетiң болса ғанибет қасиет.
* * *
Адамдардың бiрi пысық, бiрi пұшық.
Пысық жанның тiрлiгiнiң берекесi бар,
Пұшық жанның кесiрлi өнбес өкiнiшi бар.
* * *
Томаға тұйық iшiмдегiнi тап деген жан болсаң, адамға жуыспайсың.
Ашық жарқын, жандүниең сайрап тұрған жан болсаң, бейтаныспен де туыстайсың.
Мәдiбек ТIЛЕУБАЙҰЛЫ,
зейнеткер.