ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ РУХАНИЯТТА

1  232 көрілім

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Зайырлы мемлекет қалыптастыру» атты тақырыпта оқу орнының оқытушы құрамы және студент жастарымен кездесу өткізілді. Кездесуді «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы Д.Қожамбеков ашып, жүргізіп отырды.

Шараның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау және Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мемлекеттің зайырлылық қағидаларын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша әңгіме өрбіді.

Кездесуде Түркістан облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің басшысы Б.Әшірбеков, Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» өкілі М.Бесбаев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, муфтият өкілі Ж.Қасымбеков, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Ясауи ғылыми-зерттеу орталығының директоры Д.Кенжетай жоғарыда аталған тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салды.

 «Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы