Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет орталығында университет басшылығы, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараның ашылуы өтті. Мерекелік жиынға жиналғандар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмді тамашалады. Сондай-ақ бас қосуда сөз алған университет ректоры Болатбек Абдрасилов пен І вице-президенті Женгиз Томар Абайды әлемге таныту үшін, шығармаларын жетік зерттеп, тануымыз қажеттігін атап өтіп, осы жолда студенттер мен оқытушыларға сәттілік тіледі.
Алдағы уақытта оқу орнында 30-дан аса шаралар жоспары бекітілген. Қыркүйек айында Әл-Фараби мен Абай жылына арнап халықаралық конференциялар ұйымдастырылатын болады. Осы ашылу салтанатынан кейін «Қазақ руханиятының жарқын бейнесі – Абай» атты апталық басталатын болады.
ХҚТУ-ДЫҢ АБАЙ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ АУҚЫМДЫ
1 175 көрілім
