ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

1  560 көрілім

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен «Жырлаймын сені, Астана» атты жыр мүшәйрасының қорытынды мерекелік шарасы өтті. Жыр мүшәйрасына Астана қаласы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Қытай Халық Республикасы мен Моңғолия мемлекеттерінен, сондай-ақ Түркістан қаласынан, жалпы 24 жас шайыр қатысып, бақ сынады. Сүбелі сөзден жыр терген ақындар сайысы елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізілді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған аталмыш іс-шараның басты мақсаты – Ел тәуелсіздігін жырлап, жастарға патриотизмді насихаттау, жастар арасында ақындық өнерді дәріптеп, жас ақындарға қолдау көрсету, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, халықтың мәдени-рухани аясын кеңейту болып табылады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов жыр мүшәйрасына қатысқан жас ақындарға сәттілік тілеп, келген барша қонақтарды елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесімен құттықтады.

Сонымен, «Жырлаймын сені, Астана» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасының қорытындысы бойынша бас жүлдені Еламан Толеутай (Павлодар облысы) жеңіп алды. Ал, І орынды Кәдірбай Ғылымнұр (ҚХР), ІІ орынды Өмірбеков Нұрдәулет (Түркістан қаласы), ІІІ орынды Рамазан Әлімбекұлы (ҚХР) жеңіп алса, түркістандық Ысқақ Мадина ынталандыру сыйлығына ие болды. Жүлделі  орындарға ие болған жас ақындар диплом, мақтау қағаздары мен бағалы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

“Түркістан-ақпарат”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы