“ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ…”

1  265 көрілім

Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында «Қалың елім, қазағым…» атты поэтикалық драманың тұсаукесері өтті. Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінен құралған поэтикалық драмаға Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов инсценировка жасаған. Қоюшы режиссері – Қ.Садықбеков. Премьераның ашылуына әдебиет сыншысы Қ.Ергөбек, «Оңтүстік цирк» мекемесінің директоры А.Алиев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимов және театрсүйер жандар мен қала жастары қатысып, рухани азық болар дүниелерге қанықты. Сахна шымылдығы өз ойымен арпалысып, қазақты ғана емес бүткіл адамзатты мейірімділікке бастауды арман еткен һәкім Абайдың монолог оқуымен түрілді. Жас Абай, Ортаншы Абай, Аға Абай, Қарт Абайдың образын сомдаған әртістер шынайылығы мен хас шеберлігінің арқасында сахна құдіретін көрермендерге ұқтырды.

27-наурыз Халықаралық театр күніне орай тұңғыш сахналанған поэтикалық драманы тамашалаған әдебиет сыншысы Қ.Ергөбек «әріптестер бірін-бірі толықтыра тың дүниеге бастай отырып қойылымның бет-бейнесін жарқыратып көрсете білді» деген бағасын берді. Айтулы күнге орай облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен республикадағы бірнеше театр ұжымдарының құттықтау хаттары мен театр әртістеріне арнайы алғыс хаттар табысталды. Қуанышқа кенелген әртістердің мерейін қала әкімі Т.Мұсаевтың құттықтау хаты еселей түсті.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,

“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы