ДІН МЕН ДІЛДІҢ БЕРІКТІГІ

1  187 көрілім

Қала әкімдігінің ұйытқы болуымен ауылдық округтерде ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау және діни экстремизмнің алдын алу бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков пен Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері Ш.Жүсіпов, Т.Құдайбергенов және жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері Шорнақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Атап айтсақ, Қосмезгіл елді мекенінде орналасқан «Қызыл-әскер» және «Аша» елді мекеніндегі Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен пікір алмасу өтті.

– Айрандай ұйып отырған ауылдың ынтымағы мызғымастай берік. Соның арқасында Шорнақ елді мекені өзге ауылдарға үлгі болуға лайықты деуге болады. Осы дәстүрді сақтап, жастарға ұғындыру сіз бен бізге парыз,-дейді қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков өз сөзінде.

Басқосуда «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторының» теологы І.Нағызхан радикалды діни ағымдардың жетегіне еріп, жаза басқан азаматтардың өмірінен деректер келтіре отырып дәстүрлі дін мен ділдің сабақтастығының маңыздылығын айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде діни экстремистік топтардың бейнематериалдарымен достарыңызбен бөлісу, жарияланған жазбаларына өзге де жағдайларда үн қосу заңмен қудаланып, мемлекеттік жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын, тіпті бас бостандығыңыздан айыру жазасы қарастырылғандығы туралы тілге тиек етті.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,

“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы