Мемлекет басшысы ұсынған «Президенттiң әлеуметтiк бес бастамасы» барлық қазақстандықтарға жiгер бердi. Аталған бастамалар өте өзектi, қоғамда үлкен серпiлiс туғызды. Адам үшiн ең басты қажеттiлiк ол баспанасының болуы. Бүгiнде елiмiзде 4 млн-нан астам отбасы бар екен. Ендi солардың барлығына тың мүмкiндiк туып отыр. Ол үшiн «7-20-25» атты президенттiк бағдарлама жүзеге асырылмақ. Бағдарламаға сәйкес, жұмыс iстейтiн адамдарға 7% мөлшерлеме бойынша 25 жылға ипотекалық несие берiлетiн болады. Бұл ретте бастапқы салым мөлшерi баспананың жалпы құнының 20%-ынан аспайды.
Елбасы салыстырмалы түрде төмен еңбекақы алатын қазақстандықтарға 2019 жылғы 1-шi қаңтарынан бастап олардың табыс салығын 10 еседен – 1%-ға дейiн азайтуды ұсынды. Оған қоса үнемделген қаражатты олардың жалақысына қосу қарастырылып отыр. Демек, бұл шара барлық жалдамалы еңбеккерлердiң ең кемi үштен бiрiне – 2 млн-нан астам адамның тұрмысына әсер етпек. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жоғары бiлiмге қол жетiмдiлiктi және оның сапасын арттыру мiндетiн қойды. Деректерге сүйенсек, бүгiнде елiмiзде 17 мен 29 жас аралығындағы жастар саны 3,5 млн-нан асады, соның тек 15 пайызы ғана бiлiм алуда. Осы мәселенi реттеу үшiн қосымша тағы 20 мың грант бөлiп, оның жалпы санын 2018 және 2019 оқу жылынан бастап 74 мыңға жеткiзу ұсынылуда. Сонымен қатар, талантты жастарымызға қамқорлық көрсетiп, 2022 жылдың соңына дейiн 75 мың орыннан кем емес заманауи жатақханалар салу жөнiнде мiндет қойып отыр. Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту үшін шағын несие беруде 2018 жылы 14 мың адамды қамти отырып, былтырғымен салыстырғанда 2 есе деңгейге, 62 млрд теңгеге дейiн көбейту туралы шешiмi – ең алдымен ел халқының 42 пайыздан асатын ауыл тұрғындарына деген қамқорлықтың көрiнiсi.
Биыл айрықша мерейтой – Астананың 20 жылдығын атап өткелi отырмыз. Астана – Қазақстанның қуатты қозғаушы күшi, Тәуелсiздiктiң киелi тұмары. Жыл өткен сайын бiздiң санымыз да, сапамыз да артып келедi. Бұл бәрiмiздi қуантады. Алайда прогрестi де кiдiртетiн кедергiлер, әрине, кездеспей тұрмайды. Соның бiрi – экологияның нашарлауы. Сондықтан елде 2,7 млн адамның өмiрiне әсерiн тигiзетiн газдандыру iсiн одан әрi жалғастыру жөнiндегi шешiмi 18,1 млн-нан аса халықтың тұрмысының сапасын жақсартуға бағытталған қадам болмақ. «Президенттiң әлеуметтiк бес бастамасы» – әлеуметтiк жаңғыру жолында бес саусақтай жұмылған болат жұдырықтың қуаттық серпiнi. Ал адами капитал – оның шешушi негiзi.
Алмасбек ТЕМIРБАЕВ,
“Нұр Отан” партиясы қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары.