ҰЛАҒАТ КIТАБЫНДАҒЫ ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕР

701 көрілім

(Нұрсұлтан Назарбаевтың

«ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ» кiтабындағы ойдың зеректiгi мен тiлдiң құнарлығы жайлы)

О бастағы жоғары бiлiмдi мамандығым ана тiлiм – қазақ тiлiнiң оқытушысы болғандықтан, осы кiтапты екi рет оқыдым. Бiрiншiсi, жалпы мазмұнына қызықсам, екiншi рет тiлiнiң шеберлiкпен әрi тiлдiң айтпақ ойымен әдемi әрi әсем қиуласуы едi.

Кiтап авторын мақтаудан бұрын оның ойшылдығы, ұлтына деген махаббаты iсiмен де, тiлiмен де айқындалып, халқының құрметiне бөленуiнiң сырын мемлекет қайраткерлерiне, мемлекеттiң келешек иелерiне өнеге болсын деген ниетпен, аталған кiтаптағы бiршама сөз кестесiн ұсындым:

– Ол кезде бiлетiнiмiз бiр сан, бiлмейтiнiмiз мың сан екен;

– Кiшкентай үй үлкен отауға қарайды;

– Халқының табанына кiрген шөңге, менiң маңдайыма кiрсiн де;

– Бабы мен күтiмi келсе, озбайтын жүйрiк жоқ;

– Дүниенiң кiлтi – сабырда;

– Өткенге топырақ шашсаң, келешек саған тас атар;

– Халық қазынасын тонап жатқан iс басына мүләйiм, қолға билiк тиген соң, «Құдайың» болып шыға келедi;

– Серттей сөзiмiз осы;

– Ұтқанымыз да, ұққанымыз да баршылық;

– Ұтқанымыз да, ұққанымыз да көп;

– Дiн адамның өмiр сүру шартының қалыптасқан қағидаттары, әрi адамзаттың дамуының құбылнамасы;

– Дiн – рухсыздық, қанағатсыздықтың алдына қойылған берiк қамалдардың бiрi;

– Қазiр бала тәрбиесiмен айналысатын ата-аналардың кейбiреуiнiң өзiне тәрбие жетiспейдi;

– Мен бiтiрдiм дегенше, ел бiтiрдi десейшi;

– Жаныңда жатталып, санаңда сақталып…;

– Ұлы даламыз кейде ашық жыр кiтабы болып та көрiнедi;

– Балалық бейнесiн жоғалтпаған адам адалдықтан адаспайды;

– Салмақты сөздi саналы ер айтады;

– Халқымыз үшiн ер мен жердiң бағасы аса биiк;

– Өз Отаның бұл дүниедегi жаннатың мен абатың;

– Атадан ұл туса игi, ата жолын қуса игi;

– «Қараңғы қазақ көгiне

өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегiне

Күн болмағанда кiм болам!»

С.Торaйғыров;

– Таудай тiлегi бардың, тастан жүрегi бар;

– Елiң – құрышың, жерiң – ырысың;

– Мемлекеттiң пайда болуы Құдайдан шығар. Бiрақ, оны сақтап қалу адамдарда. Аристотель;

– Жоқты барға, барды базарға, базарды ажарға айналдырып алдық;

– Өткен 25 жылда ұтқанымыз да, ұққанымыз да баршылық. Өкiнiшке орай, ұмытқанымыз да жетiп жатыр;

– Ұтылмайтын жерде ұтылып, тұтылмайтын жерде тұтылып жататынымыз да баршылық;

– Туған тiлдiң туы қашан да биiк болуы керек;

– Бiр адам бiр мұсылманды өлтiрсе, жер бетiндегi барлық мұсылманды өлтiргенмен тең деп айтылған Құранда;

– Мен өз Отанымды жеме-жемге келгенде, жерден алып, жерге салуым мүмкiн. Бiрақ, оның бөгде ешкiмнiң тiлдеуiне ешқашанда жол бермеймiн. А.С.Пушкин;

– Тал жiбектей таза сөз еш жерiңдi жыртпайды. Тұрмағанбет;

– Талантқа көмектесу керек, дарынсыздар өздерi де жол табады.

«Ұлы дала ұлағаттары». Астана 2016ж. «Фолиант» баспасы.

Нұрмахан НАЗАРОВ,

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткерi, Қазақстанның Журналистер Одағының мүшесi, Түркiстан қаласының “Құрметтi азаматы”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары