Р.АЮПОВ “ТҮРКІСТАН-СУ” МЕКЕМЕСІНЕ ЕСКЕРТУСІЗ БАРДЫ

1  300 көрілім

Бүгін қала әкімі Рашид Аюпов ескертусіз “Түркістан-Су” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, жұмыс барысын бақылады. Мекеме басшысы іс-сапарға кеткендіктен, қала әкімін қызметкерлер қарсы алып, жұмыс легімен таныстырды.

Тұрғындардың арыз-шағымын қарайтын диспетчерлік бөлімнің жұмысын сынға алды. Онда су жоқтығын жазып қалдырған өтінімдердің уақытылы қаралмағанын ескертіп, жұмысты ширатуды, сонымен қатар, ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жасау қажеттілігі бар екенін айтып, қолға алуды тапсырды.

Айта кетейік, “Түркістан-Су” мекемесінде 174 адам жұмыс жасайды. Бүгінде жалпы саны 30 305 абонентке ауыз су жеткізіліп және 5 154 абонент кәріз жүйесі қызметін пайдаланып отыр.

Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы