ӘКІМ КЕСЕНЕНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

856 көрілім

Рашид Аюпов тиісті сала мамандарымен бірге Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, онда жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Оның аумағындағы тарихи-мәдени нысандарды көріп, кесенені қайта қалпына келтірумен айналысатын республикалық «ҚазҚайтаЖаңғырту» мемлекеттік мекемесінің өкілдерімен тілдесті.

2003 жылы «ЮНЕСКО-ның» Дүниежүзілік «Мәдени мұра» тізіміне енген жауһардың Орта Азиядағы ең үлкен қазандық бөлмесінің күмбезіне шығып, реставрациялық жұмысын көрді. Мамандар кесененің бұрынғыдай ылғалданбайтынын, «ЮНЕСКО» өкілдерінің шешіміне сәйкес, кірпіштері нық тұрғанын және әлі де көптеген жылдар осы қалпын сақтайтынын жеткізді.

Қала басшысы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне айналасындағы қолға алынып жатқан жұмыстарды көріп, келешекте туристерді тарту бағытында өзінің жоспарларымен бөлісті.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Суреттерді түсірген: Антон ЛЕЩЕНКО.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы