АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

818 көрілім

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысында жүзеге асырылған кешенді шаралар бағдарламасының есебі тыңдалды.

2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы бағыттары бойынша облыс көлемінде жыл басынан 300 мыңнан астам адамның қамтылуымен 3369 іс-шара өткізілген. Ал, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша 713 іс-шара ұйымдастырылып, оған 47 000 адам қамтылған.

Жиында қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Гүлдана Ахметова қала көлемінде атқарылған істер жайында баяндама жасады. Сонымен қатар, Түркістан облысы «Түркістан Медиа Холдинг» «Рухани жаңғыру» бөлімі «Атамекен» кіші бағдарламасының әкімшісі Гүлнұр Қыпшақбаева, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасының әкімшісі Гүлжан Серік облыс көлемінде атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Жиын барысында біршама қызықты ақпараттар айтылды. Мәселен, ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы ескерткіштер» аталымы бойынша әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген 8 ескерткіш туралы тұңғыш рет деректі фильм түсірілді. Сондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасына облысымыздан Айжан Жүзбай енгізілген.

Брифинг соңында алда атқарылар жұмыстар легі таныстырылды.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы