БҮЛДІРШІНДЕРДІ АЖАЛДАН АМАН АЛЫП ҚАЛҒАН ҒАЗИЗГЕ ӘКІМ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

1  029 көрілім

Алтыншы ақпан күні Түркістан қаласының тұрғыны Әлімхан Назарбековтің шаңырағы отқа оранған болатын. Оқиғаны алғашқылардың бірі болып көрген, көршісі Ғазиз Нысанқұлов қызыл жалыннан қаймықпай үйдің терезесінен еніп, 2014, 2015, 2017 жылдары туылған бүлдіршіндерді құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.

Міне, өзінің өмірін қатерге тігіп, кішкентай бүлдіршіндерді ажалдан аман алып қалған бейбіт күннің батыры Ғазизды кеше Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов арнайы қабылдап, алғыс білдірді.
Бұл жөнінде әкім желідегі парақшасында былай деп жазады:
«Мақтан тұтар, үлгі алар жерлесіміз – Ғазиз Серікбайұлы.
Өткен апта бір отбасының басына қатер төніп, өрт жалмап, үй-күйсіз қалды. Міне сол мезетте, көршілеріне көмекке келіп, үш баласын өрттен аман алып қалған.

Бүгін, Ғазиз Серікбайұлымен танысып, қолын алдым. Осындай жанашыр да батыл жерлестерімнің бар болғанымен мақтанамын!
Айта кетейін, бұл отбасыға сол күні де жолығып, сенбі күні “Asar” еріктілер тобымен барып қайттық. Қолдан келгенше қолдау көрсеттік. Әлі де асарлатып үйді көтеруге көмектесеміз.

Қауіп-қатер айтып келмейді. Сондай кезде жақын жерден батыл да жанашыр адам табыла білгені маңызды. Бір-бірімізге жақын болайық, жерлестер!», – деген қала әкімінің ел ішіндегі елеулі азаматтарға арнайы көңіл бөліп, құрмет көрсетуі құптарлық жағдай. Жапа шеккен отбасы да шаһар басшысының назарында.

Мәлік ДӘУЛЕТОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы