СЕМИНАРДЫҢ МАҚСАТЫ – СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

1  404 көрілім

Жасөспірімдердің арасында өзіне қол жұмсау (суицидтік) әрекеттердің артуы айтарлықтай мәселеге айналып отыр. Осы бағытта Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кәсіби дамыту институты мамандарының ұйымдастыруымен тренинг өтті.

Ауқымды шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу, психологтарды апробациядан өткізілген тәжірибелік әдістемелермен таныстыру. Университет ректоры Болатбек Абдрасиловтың бастамасымен өткізілген семинар-тренингтің ашылуына университет вице-президенттері Ө.Үмбетов, Қ.Беркінбаев, Ш.Есимова, Пусат Пилтен және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев, прокуратура өкілдері қатысты.

2018 жылы Түркістан облысы бойынша 106 суицид орын алған оның 42-сі өліммен аяқталған. Әлемде бір жылдың өзінде 2 млн адам өз-өзіне қол жұмсайды. Бұл мәселе өте өзекті болып отыр – деді курс трейнері Халықаралық психология ғылымдары академиясының академигі, профайлер -верификатор Талант Бөкеев.

Тренингте интерактивті режимде, іскерлік ойындар, кейстерді талдау, модерация, рефлекция, топтық талқылау әдістері үйретілді. Айтулы іс-шара 2 апта бойы жалғасын табады.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы