ҰЛЫ АҚЫН ТОЙЫН ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ

1  232 көрілім

Бүгін қаламыздағы Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрында «Арай-2020» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілерінің облыстық байқауы басталды. Шара алдында   баспасөз конференциясы болып өтті.

  Аталмыш шараға қазылар алқасының төрағасы, Астана жастар театрының актері Әділ Ахметов, қазылар алқасының мүшелері – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, ф.ғ.д Бекжігіт Сердәлі, облыстық «Арай» жас ән орындаушылар байқауының 1996 жылғы бас жүлде иегері, Халықаралық «Азия – дауысы» фестивалінің бас жүлде иегері Бауыржан Исаев, опера және балет театрының солисі Оразкүл Дәулетова, Рысдәулетовтер отбасылық «Өркен» ансамблінің көркемдік жетекшісі Өркен Рысдәулетов, «Арай-2013» іс-шара жүргізушілері байқауының бас жүлдегері Жандос Өсербаевтар сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.   

Жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан байқау жылдағыдан өзгерек. Түркістан облысының мәдениет басқармасы ұйымдастырған кіл жүйріктер бақ сынайтын бәйге ұлы ақын тойына арналған.

  Байқауда ақтық мәреге жолдама алған 38 үміткер бақ сынауда. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан» үздіктерді марапаттау рәсімі және Гала-концерті сағат 17:00 де өтеді. Жүлдегерлер туралы ақпаратты газетіміздің №8 санынан оқи аласыздар. 

Үмітбек БАҒДАТ.    

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы