ҚЫЛМЫССЫЗ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛДЫ

1  112 көрілім

Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының ұйымдастыруымен «Қылмыссыз болашақ» атты тақырыбында студент жастармен кездесу өтті.

Кездесуде аталған тақырып аясында Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Әділбаева, Түркістан қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің ЮПТ-нің УПИ полиция аға лейтенанты Е.Өндірбай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының меңгерушісі, заңгері Г.Байтілеуова баяндама жасап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының студент жастарға арнайы дайындаған жадынамалары таратылды.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы