ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ХАНТӘҢІРІ

1  942 көрілім

Азан шақырып қойған есімі Мұхаммедқали болғанымен, халқының мұзбалақ Мұқағалиі елдің санасынан қас-қағым сәтке де ұмытылған емес. Ақынның туған күніне орай қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Қазақ жырының Хантәңірі» атты еске алу шығармашылық кеші болып өтті.

   Оның өмірі туралы бейнебаян көрсетіліп, көрермендер ақын ұрпағының шынайы естелігін тыңдады. Қалалық мәдениет үйінің әншілері ақын өлеңіне жазылған әндерді шырқап, өлең-жырларын жатқа оқыды.

  Кеш барысында айтыскер ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Әбдікәрім Манапов,  режиссер Пернекүл Нәлтаева, №19 жалпы орта мектептің кітапхана меңгерушісі Әлима Пашановалар Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы туралы орамды ойларын айтып, кешке келген оқушы жастарды ақынның жырларын жаттап өсуге шақырды.

   Шара барысында көрермендерге ақын өмірінен сұрақтар қойылып, көпшілікпен креативті байланыс орнатылды. Жаңа форматта, еркін бағытта  ұйымдастырылған кеште  халықтың Мұқағали жырларына деген махаббаты ерекше, көңілі айрықша екені көрермендер тарапынан да ақынның өлеңдерін жатқа оқып жатқанынан анық байқалып тұрды. Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндер ақынның өлеңдерін мүдірмей жаттап, әндерін керемет шырқады.

Осындай әдеби кештер арқылы Алты алаштың ардақтысына айналған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев мұрасы ұрпақ жадында жаңғыра түсері анық.

Ләззат САРЫБАЕВА,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы