ӘКІМДІК «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

1  160 көрілім

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен «Қамқорлық» бағдарламасы аясында облыс көлемінде едәуір істер атқарылуда. Осы бойынша қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев I топ мүгедегі Фарида Гаюповаға массаж жасауға қажетті кереует пен құрал-жабдықтарын тапсырды. Ф. Гаюпова шаһар басшысы Рашид Аюповтың «Ашық есік күнінде» өз өтінішімен келген болатын. Көп күттірмей көмек беріп, мәселесін жіті назарға алған әкімдіктің жұмысына ризашылығын білдірді.

Аталған бағдарлама бойынша анықталған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қала әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары мен кәсіпкерлер тұрақты түрде жағдайын бақылап, қандай көмек қажет екенін анықтап отырады. Нақтырақ айтсақ тұрғын үй, жұмыспен қамту, азық-түлік, киім-кешек мәселелері назарға алынады.

Жалпы, қаламызда тұрмысы төмен 161 отбасы анықталып, бағдарлама аясында 94 жанұяға көмек көрсетілді.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы