Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы көпшілік жүретін аяқжол (тротуар) мен велосипед жүретін жолды кәсіпкер әкімдіктің рұқсатынсыз бұзып тастаған. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті. Шаһар басшысының айтуы бойынша, халықтың қаржысына салынған дүниені жарамсыз еткен кәсіпкерге шара көрілетің болады.
Instagram әлеуметтік желісінде бұл туралы ақпарат берген азаматқа әкім өз алғысын жеткізе келе, полиция және әкімшілік қызметкерлері бірге жұмыс атқаратындығын жеткізді.
Айта кетер болсақ, аталған көше өткен жылы 6 жолақты жол болып күрделі жөндеуден өткізілген еді. Қазіргі таңда жұмыстың 80% ғана аяқталған. Осы жылдың шілде айында аяқжол толықтай бітетін болады.

Қала көркі мен тұрғындар игілігі үшін атқарылып жатқан осындай оңды істер аяқ асты болмаса екен. Қара басының ғана қамы үшін жасалған мұндай бейберекетсіздікке жол бермейік.
«Түркістан-ақпарат».