- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Ақпан айының басында түркістандық Әлімхан Назарбековтің тұрғын үйі өртке оранған-тын. Оқыс оқиғадан зардап шеккен отбасы мүшелері уақытша жалдамалы пәтерді паналап отыр. Отанасы Райхан Дауленбаева тілсіз жау электр желісінің ақауынан пайда болғандығын тілге тиек етті.
“Asar” еріктілер ұйымы шарасыз қалған жанұяға көмек қолын созуға ниетті. Осы мақсатта облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратында волонтерлер кездесуі өтті.
Еркін форматта өрбіген басқосуда қала әкімі Рашид Аюпов “Asar” ұйымының логотипін өзгертуге ұсыныс білдірді. Шаһар басшысы облыстың барлық жастарын топ қатарын толықтыруға шақыру керек екендігін атап өтті.
“Жазғы маусымда БАӘ-нің астанасы Абу-Дабиде өтетін үлкен волонтерлер форумына, қыркүйек айында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласанда өтетін бүкіләлемдік еріктілер форумына жалпы саны жиырма ерікті жіберіледі. Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурызда қаламызға көптеген туристер келеді деп күтілуде. Мерекелі күнде шетелдіктерге салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды көрсету үшін этноауыл құрылуы жоспарлануда. Аз қамтылған шаңырақ иелеріне этноауылда сауда жасауға мүмкіндік беріледі. Кәсіпкерлікпен айналысамын десеңіздер, қосымша тағы ұсыныстар айтсаңыздар болады”,- деді Рашид Абатұлы.
Ұйымның болашақтағы жоспары сараланған жиыннан соң жастар отбасы мүшелеріне арнайы барды. Саутамтығы қалмаған үй ауласындағы толықтай бітпеген екі бөлмелі пәтердің құрылысына жәрдемдесуге де бірлесіп күш салмақ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты тиісті көмек көрсету келесі сенбі күні жүзеге асырылады.
Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
“Түркістан”.
Суретті түсірген: Антон ЛЕЩЕНКО.