ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

969 көрілім

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерін біржола тастап шыққанына 31 жыл толып отыр. Осыған орай қаламыздағы «Жеңіс» саябағында өткен шараға Ауған соғысы ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Жиын Ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздік жариялаумен басталып, боздақтардың рухына арнап гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты.

Жиында сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты Баймахан Сүлейменов, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Балғабай Нақыпов пен қаламыздың қазыналы қариясы Тұрсынбай Байболов, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мұхамеджан Сәрсенбаев, облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимовтар Ауған соғысының еліміз үшін орны толмас қайғы-қасірет келтіргенін, уақыт өтсе де ерлік ескірмей, оларға тағзым ету болашақ ұрпақтың еншісіндегі игілікті іс екендігін тілге тиек етті. КСРО кезіндегі солақай саясат нәтижесінен қаншама отбасының зардап шеккені, қаншама қыршын жастың жат жерде қалғаны, қаншама жанның хабарсыз кеткені жайлы әңгімеледі.

Салтанатты шара қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы