ҰРЫСТА ТАНКТІ ТІЗГІНДЕГЕН

919 көрілім

«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деп білеміз. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-есен оралып, туған жерімен қауышқан Ислам Азизов ардагерімізді бүгінгі мақалаға арқау етіп отырмыз.

Ислам Азизов 1962 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген, ұлты – әзірбайжан. 1981-1983 жылдары Ауғанстанның Шындант провинциясындағы 51883 әскери бөлімінде механик-жүргізуші қызметін атқарған. 1982 жылы 10 қарашада Ауғанстанның Герат аймағындағы тауда жүк артатын автокөлік минаға түсіп жарылады. Киіміне тиген отты шала-шарпы өшірген Ислам жараланған қаруластарына алғашқы көмек көрсетіп, госпитальға жеткізеді. Сол ерлігі үшін «За отвагу» медальмен марапатталған.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Солардың бірі Ислам Азизов елге оралған соң бейбіт өмірде жүргізуші қызметін атқарып келеді. Отбасында өмірлік жары Зухра екеуі 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, олардан 11 немере сүйіп отырған бақытты шаңырақ иесі деп білеміз.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы