ЖАРЫССӨЗГЕ ЖАЗЫЛҒАНДАР ОЙ-ПІКІРЛЕРІН БІЛДІРДІ

979 көрілім
  • – Түркістан қазақ даласындағы қалалардың ішінде ерекше мәртебеге ие шаһар. Түркі жұртының тұтастығының негізі болған, ел тәуелсіздігінің тірегіне айналған төл қала. Осындай қалаға басшы болу, мәртебелі міндет. Рашид Абатұлы осы бір істі абыроймен атқарып жүрген іскер басшы. Олай дейтін себебім, біз жастар өз мәселемізбен барсақ қашанда есік ашық, құшағы кең. Қазіргі таңда жастармен тығыз қарым қатынас орната білген білікті басшымыз, басқа саланы былай қойғанда, тек жастар өкілдерімен әр сенбі сайын кездесулер ұйымдастырып келеді. Әр кездесуде бір түйін тарқап күрделі істердің күрмеуі шешіліп жатыр.
    Қала басшысы өзі бас болып, қаламыздағы қайырымдылықпен айналысып жүрген жиырмаға жуық ерікті топтардың басын бір арнаға түйістіріп, қалалық «Асар» еріктілер тобын құрып берді. Мыңға жуық мүшесі бар еріктілер тобы қазіргі таңда өз ісімізге білек сыбана кірісуге дайын тұрмыз. Алдағы уақытта қаламыздың дамуына, тазалығы мен қайырымдылық ісіне, мемлекетіміз қалай күш салып жатқан болса, бізде сондай қарқынмен жұмыс жасаймыз деп сіздерге сеніммен айта аламын.
    Бақытжан Дүкенбай –
    Түркістан жоғары медицина колледжі жастар ұйымының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы