ЖАРЫССӨЗГЕ ЖАЗЫЛҒАНДАР ОЙ-ПІКІРЛЕРІН БІЛДІРДІ

697 көрілім

Кеңес Одағының кезінде Түркістан деген атына бола тепкі көрген қаламыз бүгінде еңсесін биік ұстаған, түркі әлемі көз тіккен алып шаһарға айналып келеді. Ендігі кезекте Түркістанның дамуына оң көзбен қарамасақ ұят болар. Түркістан 2000 жылдан бастап Елбасының назарындағы қала. Түркістан екі жобада даму керек, біреуі қайта салу және қайта жаңғыру. Ескі Түркістан тек реставрация арқылы дамуға тиісті. Бас жоспардан айнымай жұмыс істесек, онда біз Түркістанның әсіресе ескі бөлігін талапқа сай алып шыға алмауымыз мүмкін. Түркістанды қайта реставрациялық бағытта дамыту үшін ортағасырлық архитектураны тірілтіп жүрген сәулетшілеріміздің тәжірибесін еске алсақ жөн болар еді. Бүгінгі айтылған әкімнің есебі көңілімізден шықты деп айта аламын. Алдағы атқарылар жұмыстарына сәттілік тілеймін.
Құлбек Ергөбек
әдебиетші, ғалым, профессор

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы