ЖАРЫССӨЗГЕ ЖАЗЫЛҒАНДАР ОЙ-ПІКІРЛЕРІН БІЛДІРДІ

746 көрілім

Бүгінде қала бойынша екі жүз, ауылдарда үш жүз ақсақал жұмыс істейді. Өткен жылы біз 40 мың түп ағаш ектік. Сонымен бірге Түркістан қаласын гүл қалаға айналдырайық деп бас көтердік. Оған қоса ақсақалдар алқасы қоғамдық келісіммен бірлесе отырып, қаламыздан тегін қайырымдылық дүкенін аштық. Ол жерде жиырма мың данаға жуық киім-кешек, бірнеше тонна азық-түлік бар. Біз қалаға қарасты 16 сектордағы тұрмысы төмен көпбалалы аналарға киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз етеміз. Рашид Абатұлының халықтық кеңсе құрғаны және ашық бюджеттік жобаны іске асырамыз деп жатқаны қолдауға тұрарлық. Бұл екі нәрсе қарапайым халық үшін өте маңызды. Халыққа жағдай жасап, көңілін табу деген сөз. Осы екі мәселе жөнінде мен қала әкімінің істеп жатқан жұмысын дұрыс деп санаймын. Қала әкімінің жасаған есебін ақсақалдар алқасының атынан қанағаттанарлық деп есептеймін.
Жарылқасын Әзіретбергенов –
облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы, қаламыздың Құрметті азаматы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы