ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАР КҮН АЛЫС ЕМЕС

933 көрілім

Қала әкімі Рашид Аюповтың басшылығымен былтыр Түркістан қаласы тағы бір тарихи белесті бағындырды. Олай деуімізге негіз болған қасиетті шаһар дүниежүзілік ұйымның мүшесі атанды. Бүгінде өзге мемлекеттердегі 850 қаланың өкілдері Түркістан туралы толық ақпарат алып, Оңтүстік Африка елінің Дурбан қаласында өткен жиында ұйымның барлық мүшелері тарапынан бірауыздан қолдауға ие болған еді. Енді алдағы уақытта Түркістан қаласына келуші туристердің саны артып, қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті көтеріліп, қаншама жұмыс орнын ашу көзделуде. Аталмыш басқосуда Түркістан қаласы, әлемнің озық қалаларымен атап айтсақ, Грозный, Бішкек, Қазан, Дурбан шаһарларымен бауырластық ынтымақтастық орнатып, алдағы уақытта байланысты күшейтпек ниетте.

Жақында қала әкімі Р.Абатұлы қала тұрғындарына жылдық есебін бермек. Әкімнің халыққа беретін жылдық есебінің тезисі жергілікті «Түркістан» газетінде жарияланды. Шаһар басшысының былтырғы атқарған жұмыстарына қала халқы ыстық ықыластарын білдіріп келеді. Қала басшысы орынтағына отырғалы бері көптеген жұмыстар атқарылды десек болады. Әрбір ашылған айтулы шараларға өзіміз де куә болып келеміз. Осы ретте қала әкімінің қасиетті шаһарды халықаралық деңгейдегі туризмнің орталығына айналдыру мақсатындағы жоспарларын толық қолдап қуаттаймыз.

Гүлмира БЕКБЕРГЕНОВА,

№22 жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы