КЕМЕҢГЕР ТҰЛҒА МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА

996 көрілім

Қазақ өмірінің шындығын, қазақ халқының сезім – сырын, ұлттық ерекшеліктерін поэзиясы мен қара сөздеріне сыйдыра білген заңғар тұлға Абай Құнанбайұлының туғанына биыл – 175 жыл. Абай туралы жазбаған, Абай туралы толғанбаған жан жоқ шығар. Мәселен, балқар совет ақыны Қайсын Кулиев: орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели… қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс,- деп бір сөйлем арқылы ақынның алар орнын керемет суреттеп жеткізген.

2020 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жариялады. Онда, ақын сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі мен шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөліскен.

Әлемдік мәдениеттің тұлғасы өлеңдерінде халық қамын ойлап, жастарды білімге, өнерге, еңбекке шақырған. Президент өзінің мақаласы аясында Абайдың қастерлі мекенін де назардан тыс қалдырмады. Мерейтой аясында Жидебайды абаттандырып, рухына тағзым етуге келген жұртшылыққа қолайлы жағдай жасалу керектігіне де тоқталды.

Абайды қалай дәріптесек те аздық етері хақ. Өйткені, шынайы шығармашылығы, ғибратты ғұмыры күллі халыққа үлгі-өнеге.

Гүлзада МАЛДЫБЕКОВА,

Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы