ИГІ ІСТЕР ЕСЕЛЕНГЕН ЖЫЛ

869 көрілім

Түркістан түрленіп келеді. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірімізге Түркістан облысы дәрежесін беріп, оның орталығы ретінде шаһарымыздың мәртебесін көтеруінің арқасында болып жатқан шаруа. Жаңа атауға ие болған күннен бастап ауқымды істер атқарылып келеді. Мәселен, өңірімізде әр сала бойынша тиісті жұмыстар жасалды. Ол туралы қала әкімі Рашид Аюповтың қалалық «Түркістан» газетінде жарияланған 2019 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасынан оқыдым. Онда шаһар басшысы денсаулық, білім, туризм, спорт және өзге де салалар бойынша атқарылған жұмыстар жайында кеңінен айтып өткен.

Мәселен, автокөлік жолдары, қоғамдық көліктер жөнінде ауқымды істер атқарылған. 2019 жылы орталық 5 көшеге 23 аялдама орнатылса, қала ішіндегі жолдардың 15,51 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан өзге, қоғамдық көліктің жай күйі де оңалды. 2020 жылдың наурыз айынан бастап көліктерге бейнебақылау орнатылып, электронды билет енгізіліп, жүргізушілер бірыңғай киім үлгісінде киінетін болады. Қаламыздағы мұндай оң өзгерістер қала халқын бір серпілте түсетіні сөзсіз.

Сондай-ақ, тезис аясында құрылысы ерекше қарқын алып, пайдалануға берілген бірқатар құрылыс нысандарын да айтып өткен. Олардың қатарында, «Облыстық әкімдік ғимараты», «Рухани-мәдени орталық», «Алатау» медиа орталығы, «Неке сарайы», «Әуенді субұрқақ» сынды бірнеше ғимараттар Елбасының қатысуымен салтанатты түрде ашылғандығына тоқталған.

Расымен де, өткен жыл біз үшін берекелі жыл болды десек қателеспейміз. Қаланың гүлденуі аясында тиісті сала мамандары тынымсыз тіршілік жасап, талмай еңбектеніп келеді. Осындай игі істің басында қала әкімі Рашид Абатұлы тұр десем қателеспеймін. Ендеше, биыл да берері мол, жетістіктерге толы жыл болсын дегім келеді.

Әсетулла КАРИМОВ,

Түркістан қаласының Құрметті азаматы, ардагер теміржолшы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы