БЫЛТЫРҒЫ ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ҚОРЫТЫЛАНДЫ

935 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісте күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Олар 2019 жылы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша және 2019 жылдың қорытындысы бойынша қала бюджетінің орындалуы туралы қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы З.Бимбетова баяндама жасады.

Түркістан қаласы бойынша 2019 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы төмендегідей қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы 108,8 млрд теңгеге жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда өсім 5,8 пайызға артқан. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 9,4 пайыз, ауылшаруашылық саласына 2,6 пайыз, тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 51,4 тиесілі, 2019 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі жан басына шаққанда 634,4 мың теңгені құраған.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында 2019 жылы 10 233,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылмен салыстырғанда өсім 5,1 пайызды құраса, өңдеу кәсібінде 7201,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 8,4 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемі 2377,8 млн теңгені құрап, өсім 14,5 пайызға, сумен жабдықтау 647 млн. теңгеге орындалғаны айтылды.

Инвестиция саласы бойынша былтырғы жылы 102 009,1 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есе артқан. Ал, ауыл шаруашылығында 2864,8 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, құрылыс жұмыстарының көлемі 39834,5 млн. теңгені құрап, 3,1 есеге артқан. Бұл көрсеткіш облыс бойынша құрылыс жұмыстарының көлеміндегі үлесі 21,8 пайызды құраған. Қала халқының саны 171 438 адамды құраса, оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық 53 069, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 24545 болса, жұмыссыздар саны 2669 адамды құраған.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 2019 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің орындалуы туралы да экономика және қаржы бөлімінің басшысы З.Бимбетова хабарлама жасады. Жиын соңында қала әкімі Рашид Абатұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер төңірегінде тиісті деңгейде орындамаған дербес бөлім басшыларына ескерту жасап, алдағы уақытта тағы қайталанатын болса шара көрілетінін атап өтті.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы