ҚАРИЯЛАРДЫҢ УӘЖІ ТЫҢДАЛДЫ

877 көрілім

   Рашид Аюпов ай сайын түркістандық зиялы қауым өкілдерімен кездесіп тұруды жоспарлап отыр. Бұл туралы шаһар басшысы  2020 жылы атқарылар жұмыстар туралы жобаны таныстыру кезінде мәлімдеді. Облыстық ақсақалдар алқасы, қалалық ардагерлер кеңесі, облыстық аналар кеңесі және іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесуінде облыс орталығын дамыту  бағытындағы  шаруаларды тізбектеп өтті.

   Алдымен түнгі қала көрінісінің жаңа кейпі жайында, келесіде үстіміздегі жылдың көктем және күз айларында Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнир өткізілуі жоспарланып отырғандығын зор қуанышпен жеткізді.

“Биыл инфрақұрылымы аяқталған 100 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ал,  республикалық бюджеттен  қаржы бөлінсе бұл көрсеткіштің саны 120 көшеге артатын болады. Саябақтар көбейді, тек неліктен демалыс орындары көптеп салынып жатыр деген ойдан аулақ болған жөн.  Бұл істе қаланың көркеюі мен жаңа жұмыс орны ашылды деп қарау керек. Ауқымды жобалар арқылы қосымша  жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартуға мүмкіндік туады деген сөз. Көгалдандыру мәселесі бойынша  Алматы, Көкшетау қалаларынан көшеттер күтіміне көңіл бөлу барысында тәжірибелерімен бөлісу үшін мамандар шақыруды жоспарлап отырмыз”,-деді қала әкімі.

  Презентация аяқталған соң Рашид Абатұлы қариялардың уәжін тыңдады. Әр мөлтек аудандағы қордаланған өзекті мәселеге айналған  сұрақтарға тұшымды жауап берілді. Естеріңізде болса бұған дейін үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері мен кәсіпкерлердің қатысуымен дәл осындай кездесу ұйымдастырылған болатын.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.    

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы