- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында «Open Space» үлгісіндегі қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев, қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуге келген тұрғындар көкейіндегі негізгі мәселелерін алға тартып қала әкімнен нақты қолдау күтетінін білдірді. Атап айтсақ, Д.Абдрахманов жұмысқа орналасу, Ә.Исабеков кәсіпкерлікке келтірілген зиянның өтемақысын өндіру, А.Агиманова кәсіпкерлік жерін пайдалануға рұқсат алу бағытында мәселелерін жеткізді.

Көтерілген мәселелерді жіті назарға алған шаһар басшысы оның шешу жолдарын түсіндірді. Кездесуге көкейдегі сауалдарын арқалап келген тұрғындар өздерін алаңдатқан жәйттарға жуық арада нүкте қойыларына сенімді болып тарқасты.
«Түркістан-ақпарат».