- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін қала басшысы Рашид Аюпов “Жылу” МКК мекемесінің жұмыс барысын тағы бір көріп, жылудың қызу деңгейін тексеріп қайтты. Жауапты мамандарға үздіксіз бақылап, бірқалыпты деңгейді ұстауынан мыңдаған тұрғынның өмір сапасы тікелей байланысты екенін естеріне де салды.
⠀Жалпы, шаһардағы I, II мөлтек аудандарға ақпан айынан бастап 10 Гкал жылу энергиясын өндіретін 4 қазандық орнату жұмыстары басталмақ. Олар табиғи газ түріндегі қазандықтар. Демек, қатты отын түрінен арылған жағдайда ауаның ластануы мен экологияға кері әсерін тигізетін қара түтіннен арылуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, биылғы жылы ішкіорам жылу жүйесі бойынша 16.3 шақырым ескі құбырды жаңа құбырға жəне автоматтандырылған ысырмаға ауыстыру жұмыстары да жүргізіледі.

Жаңа жүйе келесі жылу маусымы, яғни қазан айынан бастап іске қосылатын болады. Сонымен қатар, көктемде мекеме маңын көгалдандыру жұмыстары да жүзеге асады.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН.