КЕШЕГІ КҮН – БҮГІНГІ ТАРИХ

1  357 көрілім

      ТАЗАЛЫҚТЫ ЖАНДАНДЫРҒАН

Қала көшелеріне 10, мөлтек аудандарға 18 қоқыс алаңы, 85 қоқыс жәшігі орнатылған. Қаладан жылына 3200-дей тонна қоқыс сыртқа шығарылады. Тазалық жұмыстарын жандандыру бойынша биыл «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС мекемесіне 18 жаңа арнайы техника сатып алынды.

ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Түркістан қаласын газдандыру 3 кезеңмен жүргізілу жоспарланған. I кезең бойынша құрылыс жұмыстары 7500 абонентке жүргізіліп, жалпы 10 518 абонент табиғи газбен қамтылған. Қаланы көгілдір отынмен қамту мақсатында II және III кезеңдегі 11 нысанның жобалары әзірленіп, 2 магистралды және 9 ішкі жүйелерін жүргізу қарастырылған. 2020 жылы шаһар тұрғындарын 100 пайыз табиғи отынмен қамтамасыз ету көзделген.

ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Облыс орталығында микроклиматты құру үшін қаланы суландыру және көгалдандыруда қарқынды жұмыстар жүзеге асты. Мәселен, биыл жалпы саны 10 каналдың жұмысы басталып, оның 4-і аяқталды. 2020 жылы каналдар 30-дан асады деп жоспарлануда. «Жасыл белдеу» жобасын қалыптастыру барысында көктемге дейін 3 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы