«Балауса» балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагерінің кезекті төртінші маусымы ашық. Ашылу салтанаты – “Ханшайым мен құбыжық” ертегісінің желісі негізінде өрбіп, әуезді ән мен биге кезек берілді.
Бүлдіршіндердің өнері ата-аналары үшін ерекше қуаныш сыйлады. Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты лагерь ұжымы жылдағы дәстүр бойынша 900 оқушыға қызмет көрсететін болады. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасынан шыққан 211 оқушы қала әкімінің ықпалымен тегін жолдамамен қамтылды.
Жоспарға сәйкес мұнда 4-маусымға жолдама алған 150 бүлдіршін 11 күн бойы жазғы демалысын қызықты әрі есте қаларлықтай етіп өткізбек. Демалыс орнында жалпы саны 6 маусым қарастырылған.
Айта кетейік, лагерьге облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен Арыс қаласынан 10 бала дем алуға арнайы келген. 5 және 6-маусымдарда тағы 20 бала тегін жолдамаға ие болуы ықтимал.
Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

