КӨҢІЛГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАУ- АЗАМАТТЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ!

2  015 көрілім

  Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тәуелсіздікті баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парымыз» – деген болатын. Осындай қанатты сөзді назарға алған «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттерінен құралған   еріктілер қайырымдылық жәрмеңкесін жасап,  оқу орнындағы  «YASSAUI»  еріктілер тобы  және «Ізгілік елшілері»  Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйіне барып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

   Еріктілер арнайы балалар үшін  сыйлықтарымен қоса өз қолдарымен тәтті пісіріп, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін түрлі қойылымдарды сахналады. Еріктілерді қуана қарсы алған бүлдіршіндер де өздерінің өнерлерін көрсетіп мәз-мейрам!

   Жүректерінде мейірім оты жалындаған, жақсылық жасауды мақсат тұтқан еріктілер әр баланың көңіліне күлкі сыйлағанына  дән риза! Еңсемізді биіктеткен игі істер болашақта да өз қадірін жоймаса екен. Балаға жасаған жақсылық – өзімізге жасаған ізгі амал екенін ұмытпайық! 

Гүлзия Қарсыбай,

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі  Парасаттылық  мектебінің меңгерушісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы