ПАРТИЯНЫҢ БАСТЫ ҰРАНЫ – СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ

1  185 көрілім

«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуда аталған кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ү.Жүсіпбаев кеңестің 2019 жылы атқарған жұмыстарының барысына тоқталды. Сонымен бірге, кеңестің негізгі жұмысы әлеуметтік, білім, денсаулық салалары бойынша атқарылған жұмыстарды және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына сараптама жасады.
Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев Елбасының партияға жүктеп отырған тапсырмаларына тоқталып, кеңес төрағасы Ү.Жүсіпбаевтың былтырғы атқарған жұмысына қанағаттанатындығын білдірді. Сонымен қатар, қалалық партияның 2019 жылғы атқарған жұмыстарын баяндап, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы партияның тұрақты бақылауында болатындығын жеткізді.
Басқосуда кеңес мүшесі О.Әміреев қала тұрғындары тарапынан қалалық партияға келіп түскен арыз-шағымдардың шешімінің орындалуы барысында кейбір кедергілердің орын алатынын тілге тиек етті. Жиналыстың күн тәртібіндегі екінші мәселе кеңестің 2020 жылы атқаратын жұмыстары пысықталды. Бұл тұрғыда кеңес мүшелері П.Досыбеков, Б.Раманқұлов биылғы атқарылатын жұмыс жоспарға бірнеше ұсыныстар білдіріп, толықтырулар енгізді. Сонымен қатар, қаладағы мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік емес ұйымдардың құрылымдық жұмыстарымен танысу қажеттігі де айтылды. Жиын соңында кеңес мүшелері М.Майкотов, Ә.Сандыбаев партия жұмысын жандандыру бағытында өздерінің ой-пікірлерін білдірді.


Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы