- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Қазіргі өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен мақтана алады. Олардың қатарында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ біз ұлы ойшылымызды жаһан жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келеміз»,-деді.
Әрине, ұлтымыздың ұстазына айналған заңғар тұлға Абайдың қазақ тарихындағы бәсі жоғары. Тұжырымды оймен өрілген қара сөздері, өлеңдері халқымызды қараңғылықтың боданынан білім мен тәрбиені бойға сіңіру арқылы арылуды айтудан жалықпады.
Ынтымақ пен ұлтжандылықты ту етіп, пендешілік қасиеттерден ада болуға шақырды. Сондықтан да қазақ халқының ұлы ақынға деген сүйіспеншілігі мен құрметі айрықша.
Биыл ұлы даланың дара перзентінің 175 жылдығын республика көлемінде айтарлықтай ауқымды етіп тойлау деген бір ғанибет іс болғалы тұр. Ал, өскелең ұрпаққа берер өнегесі – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің бір жолы деуге болады.
«Ақынын ардақтаған ел бақытты» демекші, Абай Құнанбайұлының есімін ел болып ұлықтауға тиіспіз. Расында Абайды әлемге таныту мен заңғар тұлға арқылы дүние жүзіне қазақты танытудың маңыздылығы орасан.
Пернетай ДОСЫБЕКОВ,
қалалық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары.