«ҚАРҒЫН» РОМАНЫ – НӘЗІР МУЗЕЙІНДЕ

1  261 көрілім

Тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұлов музейі жаңа жәдігермен толықты. Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтың «Қарғын» кітабы музейімізге сыйға тартылды.

«Қарғын» романы алғаш рет 1980 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрді. Бас кейіпкер Жасын мен Бағила арасындағы ерекше қарым-қатынас, биік парасат, ойлы адамға тән ешкімге ұқсамас сезім толқындары қалың оқушының зор қызығушылығын тудырып, әсіресе жастар арасында қолдан түспейтін шығармаға айналған еді.

Бүгінде оқырманның ыстық ықыласына бөленген бұл шығарма жеке кітап болып шығып отыр. Аталған туындымен музейге келген кітапсүйер оқырман таныса алады.

Нәзір Төреқұлов музейінің бұқарамен байланыс қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы