Сәрсенбі күні мәдениет үйінде Түркістан қаласы прокурорының жанындағы ведомствоаралық жиналысы өтті. Қызметіне кіріскеніне бірнеше ай болған қала прокуроры Жаннұр Ахметбек қаладағы өзекті мәселелерді назарға алып, сала мамандарының есебін тыңдады. Басқосуға прокуратура өкілдері, дербес бөлім басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Мәжілісте Түркістан қаласындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жұмыстардың жай-күйі және әлеуметтік шиеленіске айналуы ықтимал ошақтардың картасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы сөз болды. Күн тәртібіне қойылған екі мәселе кеңінен талқыланып, қоғамды алауыздықтан сақтап қана қоймай ынтымағын нығайтудың оңтайлы тұстары талқыланды.
Бас прокурор Жаннұр Асқарбекұлы тиісті сала мамандарын облыс орталығының тұрғындарына жайлылық сыйлау бағытындағы бекітілген іс-шаралар жоспарын тиянақты орындауға шақырды. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне де төзбеушіліктің маңыздылығын айта келе, әлеуметтің әлеуетін көтерудегі харекеттерді назардан тыс қалдырмады.
Нұртас МҰХТАРҰЛЫ.