- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Ассамблея – татулық пен тұрақтылықтың алтын діңгегі. Оның жанындағы құрылымдардың қарқынды жұмысы әркез ел назарында. Жақында Түркістан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен құрылымдардың отырысы өтті. Оған барлық Ассамблея жанындағы құрылым мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Басқосуды Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков жүргізіп отырды. Күн тәртібіне сәйкес жиында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары, облыстық «Қырғыз» этномәдени бірлестігінің төрағасы Абылай Рысбеков облыстағы бірқатар этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы баяндаса, Ассамблея жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы, кеңес хатшысы Бақытжан Әшірбаев өз баяндамасында кеңестің жыл көлемінде жүзеге асқан келелі тақырыптарын тілге тиек етті.
Ассамблеяға қатысты барлық құрылымдардың жұмысы сараланған басқосуда Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ туралы «Ясауи» ғылыми зерттеу орталығының директоры Досай Кенжетай талдау жасап, бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.
Ассамблея жанындағы аналар кеңесі бүгінде әркез нәзік жандылармен белсенді түрде басқосулар өткізіп, ұлттық құндылықтарды насихаттап келеді. Аналар кеңесінің төра-йымы Дүйсенкүл Жамболова баяндама жасап, жыл көле-мінде ұйымдастырылатын шараларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» өңірлік шта-бының жұмысы жайында штаб мүшесі Әлібек Бексейіт сөз алса, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының жоспарларын Алишер Сатвалдиев баяндады. Қазақстан халқы Ассамблеясының берекелі де берік шаңырағының астына топтасқан этномәдени бірлестіктер ел игілігі жолындағы барлық бастамаларға лайықты қолдау білдіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосуда. Іс-шарада құрылымдардың жұмыстары жүйеленіп, жоспарлары пысықталды.
Ақмарал ҒАНИҚЫЗЫ.