Тұрғындар тарапынан бұл мәселе әлі күнге дейін белсенділігін жоғалтпай тұр. Себебі, әр кезең бойынша жүзеге асырылуы қатаң қадағаланады. «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімінің басшысы Байдулла Оразбековтің сөзінше, көпбалалы аналар тарапынан әлеуметтік желіде жеңілдік қарастыру бойынша сауалдар жиі түсуде. Бұл бойынша қала басшысы Рашид Аюпов ұсыныс беруін және ол қаралатынын айтты.
2019 жылы қалада жаңа 22 аялдама қойылса, биыл 30 аялдама орнату жоспарланған. Рашид Абатұлы жауапты бөлімге аялдаманың көлеңке беретіндей жабық болуын назарға алуды тапсырып, жаңа жобалар күтетінін айтты. Ал, базарды ретке келтіру ісі жандана береді. Полиция және өрт сөндіру көліктері төтенше жағдай орын алған жағдайда базар төңірегіне еркін кіріп-шығуына ыңғайлы болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
«Түркістан – қауіпсіз қала» жобасы 2019 жылдың шілде айынан бері жүргізілуде. Нәтижесінде қоғамдық орында қайыршылық, күл-қоқыс тастау, ұсақ бұзақылық, белгіленбеген жерден өту бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Қала басшысы әкімдіктегі бос орындарға мүмкіндігі шектеулі азаматтарды да тартуды қатаң тапсырды. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды анықтап, бағдарламаларды сол жандарға бөлу керектігін баса айтты.
Қала әкімінің бүгінде «What’s App» желісіндегі нөміріне 1000-ға жуық тұрғыннан хат келіп түсті. Оның 50-60 пайызы белгілі, ал 10 пайызы жағдайын айтып, көмек көрсетуді сұрайтындар. Сонымен бірге, кейбір мемлекеттік қызметкерлердің келушілермен сөйлесу мәдениетіне сындар көп келген. Мұны қатаң ескерткен Р.Аюпов бұл шағымдардың алдағы уақытта қайталанбауын қадағалауды тапсырды.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН.