БЕЛГІСІЗ ІНДЕТ, САҚТАНУ МІНДЕТ

1  122 көрілім

    Қытай Халық Республикасында қоздырғышы жоғары коронавирус болып табылатын пневмония сырқаттанушылығының жаппай таралуына байланысты темір жол бекетінде халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Айта кетер болсақ ҚХР-да эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты болмауына байланысты Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында беймәлім пневмонияның жаппай таралуы белең алуда. Аталған іс-шара департамент, төтенше жағдайлар мекемесі, жедел-жәрдем станциясы, орталық аурухана, әкімшілік мамандарының қатысуымен өткізілді.

    – Аса қауіпті аурудың эпидемиологиясы белгісіз деп жатыр, бірақ мәліметтер әлі де толық емес. Сондықтан оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырдық. Коронавирустардың шақырылуымен болатын бұл аурудың жұқтыру жолдары теңіз өнімдерінің әсерінен. Вирусты инфекциялардың симптомдары  пневмонияның белгілеріне ұқсас болғандықтан алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Суық бөлмеде тоңып қалмау, температураның 38 градусқа дейін көтерілуі, бас ауруы – осы жағдайларда алдын ала айтарымыз үйді таза ұстау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден бас тарту. Шетелдерден  келген адамдармен қарым-қатынаста болған жағдайда аурудың белгілері байқалған болса жергілікті профилактикалық мекемелерге қаралуын сұраймыз,-деді Түркістан қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Марат Мұхтарұлы.

      Қазіргі таңда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметі тарапынан жоғарыда аталған вирустың елімізге кірмеуі бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Мамандардың айтуынша егер күн шығыс еліне баруды жоспарлаған болсаңыз,  бұл ойыңыздан бас тартқаныңыз абзал. 

  Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ,

   «Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы