ТҮРКІСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

981 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігінде облыстық ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен кезекті басқосу өтті. Қала көлемінде қала тұрғындары тарапынан қордаланған мәселелер күн тәртібінде қаралды. Жиналысты Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов ашып, жүргізіп отырды.

Облыстық ақсақалдар алқасының бастамасымен қала аумағында көптеген игілікті жұмыстардың атқарылып жатқанынан хабарымыз бар. Атап айтсақ, аз қамтамасыз етілген отбасыларына арнап, «Тегін» қайырымдылық дүкенінің ашылуы, «Түркістан қаласын гүл қалаға айналдырайық!» атты ұранмен үндеу жариялап, оны қала тұрғындары қолдап, қаланы көгалдандыру, абаттандыруға өздерінің үлестерін қосып жатқаны қуантарлық жәйт.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 42 мың үй, 850 көше бар болса, осыларға көше, ауыл билері бекітілген. Қаладағы 8 мөлтек ауданның төрағалары және 16 сектордың меңгерушілері, жалпы 140-қа жуық ақсақалдар қаланы көркейтуге, тазалық жұмыстарын сақтауға атсалысып келеді.

Жиында қала тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтеріліп, ортаға салынды. Атап айтсақ, қала аумағындағы жол қозғалысы, жол белгілерінің дұрыс сызылмауы, әлеуметтік көмектер, азық-түлік бағасының қымбаттауы, шағын кәсіпкерлікті қолдау, түнгі беймезгіл уақытта жасөспірімдердің көшеде жүруі, қоғамдық көліктерге қатысты көптеген сұрақтар қойылды.

Жиналыста көтерілген мәселелер бойынша жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Б.Оразбеков, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Г.Даханова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Қазиқанов, Түркістан облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұ.Мылтықов, Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Е.Өсербаев, Түркістан облыстық кәсіпкерлік палатасының заңгері Н.Кәрімбаев, кәсіпкерлік палатаның өкілі Н.Дәрібаев тағы басқа да тиісті сала мамандары тұрғындарға жауап берді.


Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы