ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ АРМАНЫ АСҚАҚ

1  036 көрілім

Қалалық мәдениет үйінде «Шұғылалы таң» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерт өтті. Құрылғанына 5 жыл толуына орай, ұйымдастырылған кешке қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Гүлжан Әсілбаева бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.

– Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі балалармен 35 жылдан аса жұмыс жасадым. Зейнетке шыққан кезде балалардың келешегі қалай болады деген ой санамда үнемі болды. Сол үшін «Шұғылалы таң» облыстық қайырымдылық қорын аштым. Ел Меккеге баруды армандаса, мен осы жерден үлкен орталық ашсам деп армандаймын. Бүгінгі таңда әр ауданда жұмыс жасайтын мүшелеріміз бар. Біздің орталықта көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, тілі кеміс, аяғы, қолы жоқ, ДЦП мен туылған мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Рухани шаһардан өзімізге арнап орталық ашылса деген ниеттемін,- деді «Шұғылалы таң» қайырымдылық қоғамдық қорының төрайымы Дана Орманова.
Сезімге толы сыршыл кеште тебіренбеу мүмкін емес. Өмірге терең мағынада үңіле қарайтын, қиындыққа мойымайтын осындай жандардың бойларындағы рух жігерлері өшпесін. Осында келген азаматтардың барлығы терең оймен шықты десем қателеспеймін,- деп сөзін қорытындылады Гүлжан Әсілбаева.
Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін өзгелерден төмен санамау мақсатында өткен жиында өмірге құштар жандар бойларындағы таланттарын халыққа көрсетіп, әннен шашу шашты.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы