- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУ
Түркістан қаласының облыс орталығы болуына орай республикамыздағы барлық облыс әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар ғимаратты сыйға тартуға ниет білдірген. Атап айтқанда, Алматы, Қарағанды, Ақмола облысының әкімдіктері – Атракционды саябақ, Ақтөбе облысы мен Түркістан облысы бірлесе – Қазақ драма театрын, Атырау облысы – «Ұлы дала елі» орталығын, Қызылорда облысы – Шығыс моншасын, Маңғыстау облысы – Амфитеатрдың құрылысын, Нұр-Сұлтан қаласы – «Нұр-Сұлтан» алаңын, Алматы қаласы – медиа орталықтың, Шымкент қаласы – облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын, ШҚО – әуенді субұрқақ, СҚО – олимпиадалық резервті дайындайтын облыстық спорт мектебін, Жамбыл облысы – «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне «Қабылдау орталығын», Қостанай облысы – неке сарайын тарту етпек.

Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы ірі көшелердің бірі – Арбат даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген болатын. Қайта күрделі жөндеуден өткен жаяу жүргіншілер жолы жаңа кейіпке еніп, қала көркіне сән беріп тұр.
