КЕШЕГІ КҮН – БҮГІНГІ ТАРИХ

1  570 көрілім

03.11.2019 жыл. Облыс орталығында заманауи «Гүлдер» саябағы ашылды. Түркістандағы көрікті демалыс аймағында диаметрі 35 метрлік субұрқақ, 10 үлкен және 72 кіші жарықшамдар, хоббиттер үйі, орталықтар, көгал және гүлдер қойылған.

   04.11.2019 жыл. Елбасы Н.Ә.Назарбаев облыс орталығы Түркістанға екі күндік іс-сапармен келді. Көне шаһарға осымен 16-рет келген ҚР Тұңғыш Президенті рухани астана төрінде бой көтерген негізгі нысандарды аралап көрді. Пайдалануға берілген нысандар – облыстық әкімшілік іскерлік орталығы, Азаматтарға қызмет көрсету орталығы, музыка мектебі, медиаорталық, неке сарайы. Нұрсұлтан Әбішұлы жергілікті халықпен бірге арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.

   13.11.2019 жыл. Түркістан – «Біріккен қала және жергілікті билік» атты дүниежүзілік ұйымға мүше болды. Қала әкімі Р.Аюпов іс-сапармен Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласындағы әлемдік саммитке қатысып, барлық мүше азаматтардың дауыс беру нәтижесінде маңызды құжатқа қол қойды. Дүниежүзілік конгрес 3 жылда бір өтеді. Делегаттар Түркістан қаласының көне тарихын ескере отыра бірауыздан қолдап, қазіргі жаңарту мен жаңғырту жұмыстарына жоғары баға берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы