2020 жыл басынан Түркістан қаласы аумағында тұрғын үйлерде және қоғамдық орындарда өрт оқиғалары көптеп орын алуда. Атап айтар болсақ:
1. 2020 жылдың 2-ші қаңтар күні 2:25 минут өткенде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Түркістан қаласы, Жібек жолы көшесі №58 мекен-жайда орналасқан «Шахсарай» мейрамханасында өрт болып жатқандығы туралы хабарлама түскен. Хабарлама бойынша аталған мекен-жайға өрт сөндіру автокөліктері жіберілген болатын.
Өрт сөндіруге 7 өрт сөндіру автокөліктері, 51 өрт сөндіру қызметкері жұмылдырылды. Өрт салдарынан жалпы көлемі 1525 кв/м ғимараттың 200 кв/м үлкен және кіші залдарының төбеге жабылған сәндік жапсырмалар (декор), люстралары, ағаш тақтай жаппасы жанып, қаңылтыр жабыны майысып қарайған. Өрттің шығу себебі болжам бойынша электр монтаждау ережесін бұзылуынан орын алған. Өрттен келген шығын 10 000 000 (он милион) теңгені құрайды.
2. 2020 жылдың 9-шы қаңтар күні 12:43 минут өткенде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Түркістан қаласы, Т.Бокин көшесі н/з мекен-жайда орналасқан «Самрұқ» кафесінде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен. Жедел келген ақпар бойынша айтылған мекен-жайға өрт сөндіруге арнайы жасақ тобы жіберілді. Өрт сөндіруге 7 өрт сөндіру автокөліктері мен 25 өрт сөндіру қызметкері қатысты. Өрт салдарынан жалпы көлемі 120 кв/м ғимараттың 48 кв/м жанып, қаңылтыр жабыны майысып қарайды. Өрттің шығу себебі ғимараттың екінші қабатындағы көлемі 2х2 метр бөлменің ішкі қабырғасы арқылы өткен от жағатын пеш мұржасының төбе жаппасындағы ағаш тақтайларына жақын орналасуынан болған. Өрттен келген шығын 4 000 000 (төрт милион) теңгені құрады.
Осыған байланысты өрт тілсіз жау, өрт салдарынан материалдық шығын және адам денсаулығына зиян келетінін ескеріп, тұрғын үйлерде және қоғамдық орындарда (дүкен, цех, наубайхана, қоғамдық тамақтану орындары т.б.) өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұранамыз.
Б.МҰЗДАҚБАЕВ,
Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасыныңинженері, азаматтық қорғау майоры.